Бас жаңалықтар
Қарағандылық 60 метрге жүгіруде жаңа рекорд орнатты
22 Қаңтар 2020, 03:28 111

Қарағандылық 60 метрге жүгіруде жаңа рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды құрамасы бірінші орынға ие болды. 21 жастағы қарағандылық Давид Ефремов 60 метрге жүгіруде елдің рекордшысы атанды.


Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, бұл дистанцияда отыз жыл бойы Андрей Гутовтың рекордын ешкім жаңарта алмаған. 1992 жылы жеңіл атлет 7,78 с ішінде 60 метр жүгірді. Давид Ефремов бұл көрсеткіштен асып түсіп, аталмыш қашықтықты 7,67 секундта жүгіріп өтті. Қарағандылық спортшы наурыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатының нормативін орындады. 

Айта кетейік, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан Қазақстанның XXIX чемпионаты 17-18 қаңтарда Өскемен қаласында Ольга Рыпакова атындағы спорт манежінде өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 260 спортшы қатысты.

Біріншілікте нәтижелерді бағалау үшін алғаш рет Finish LYNX "ақылды" жабдығын пайдаланды. Оның көмегімен спортшылардың нақты қадамдастыру және фотофиниші анықталды, ал барлық дерек автоматты түрде экранда көрсетіліп отырды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қарағанды облысының спортшылары көш бастады. Қарағанды атлеттері 27 медальға ие болды, оның ішінде 8 алтын, 13 күміс, 6 қола. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшылары, үшінші орынды Қостанай облысының спортшылары иеленді.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеңіл атлетикадан әлем жарыстарында ел намысын қорғайтын болады. Үздік атлеттер 12-13 ақпанда Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.



Фото: дереккөз
Загрузка...