Қарағанды тұрғыны шетелдік көлігін тіркеді

5 Ақпан 2020, 18:39
2235
Бөлісу:
Қарағанды тұрғыны шетелдік көлігін тіркеді
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының 47 жастағы тұрғыны шетелден әкелген көлігін тіркеп, "18" санды нөмір алды. Бұл облыстағы шетелдік көлігін тіркеген алғашқы жүргізуші.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 ақпан күні Қарағанды қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алғашқылардың бірі болып қала тұрғыны автокөлігін уақытша тіркеуге қойды.

Қала тұрғыны Александр Подшибякин "Toyota Rav 4" маркалы автокөлігін Ресейден әкелген. Көлік 2019 жылы шығарылған, қозғалтқышының күші 2,0 куб.см. Ер адам көліктің мемлкеттік тіркеу нөмірінің және көлікті тіркеуке қою куәлігінің мемлекеттік баж салығын және бастапқы тіркеудің құнын төледі,- дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков.
Полиция департаментінің мәліметінше, ақпанның 1 мен 4 аралығында ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ларда көлікті уақытша тіркеу мәселесі бойынша 136 тұрғын кеңес алған. Олардың 99-ы көлікті Ресей Федерациясынан, 27-сі Армения Республикасынан, 10-ы Қырғызстаннан және 1 адам Беларусь елінен әкелген.

Ақпан айының 1-нен наурыздың 1-не дейін өңіріміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лары демалыссыз жұмыс істейді. Бұндай шара шетелден әкелінген автокөлік иелеріне көліктерін уақытша тіркеуге мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. 

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, аймақта қазіргі уақытта сегіз арнайы ХҚКО жұмыс істейді. Олар Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Абай, Жаңаарқа, Осакаровка және Қарқаралы аудандарында орналасқан. Бір ескерте кететін жағдай, демалыс күндері ХҚКО-лар тек шетелдік автокөліктерді уақытша тіркеу бойынша кеңес берумен ғана айналысады, басқа қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетілмейді.

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ЕАЭО елдерінен бір жыл бұрын әкелінген барлық көліктерді тіркеу қажет.

Өзгелердің жаңалығы