Қарағанды шахтасында кенші қаза тапты

18 Қараша 2019, 09:18
2668
Бөлісу:
Қарағанды шахтасында кенші қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы "Казахстанская" шахтасында кенші қаза тапты. Бұл туралы "АрселорМиталл Темиртаудың" баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан күні "Казахстанская" шахтасындағы қазандықты жөндейтін шебер белгісіз жағдайда қаза тапқан. Қазандық үстіңгі жақта орналасқан. Мемлекеттік комиссия құрылып, тергеу басталған.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қараша күні Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында шахтер қаза тапқан болатын. "АрселорМиталл Темиртаудың" шахтердің қазасын жазатайым жағдай деп айтқан болатын. Баспасөзде болған оқиға мемлеткеттік органдар мен кәсіподақ ұйымына хабарланғанын айтқан.



Өзгелердің жаңалығы