Қарағанды облысында келесі жылы 29 тұрғын үй салынады

19 Қараша 2019, 05:25
1234
Бөлісу:
Қарағанды облысында келесі жылы 29 тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 2020 жылы 29 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында белгілі болды. 

Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтынан хабарлағандай, өңірде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 3084 пәтер пайдалануға берілді. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 103,3% құрады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2019 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 12,3 млрд теңге бөлінді. 

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 255 өтінім қабылдады. Оның 236-сы мақұлданды, пәтерлерді сатып алуға 146 қарыз берілді. 

Ал көпбалалы отбасыларға 111 жалға берілетін пәтер және 770 несие беріледі деп жоспарлануда.

2020 жылы жоспар бойынша жалға берілетін пәтерлер 1969 отбасыға табыс етілуі тиіс. Сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандарында 29 тұрғын үйдің құрылысы басталады.


Өзгелердің жаңалығы