Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында құлаған МиГ-31 әскери ұшағынан екі сарбаз зардап шекті.
Ұшақ апатынан 2 сарбаз жарақат алды. Олар Хафиз Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауыр. Қажетті ем алатын болады, - деп хабарлайды Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, бүгін Қарағанды әуежайына 10 шақырым жерде шамамен сағат 19.03-те дайындық бойынша жоспарлы ұшу кезінде ҚР әскери әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апат ұшырады.