«AntikorNews» жобасына Иордания Корольдігі қызығушылық танытып отыр – Антикор

21 Қаңтар 2021, 11:44
1173
Бөлісу:
«AntikorNews» жобасына Иордания Корольдігі қызығушылық танытып отыр – Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Агенттіктің 2020 жылғы ақпараттық жұмысында ашықтық қағидатын іске асыру нәтижелері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас Antikor орталығында өткен брифингте баяндады.
 

Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі олардың жұмысының тиімділігі мен ашықтығының аса маңызды көрсеткіші. Бұл тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық мемлекеттік аппарат қызметіндегі көзқарастарды трансформациялауға берік бағыт береді, - деді ол. 

Перизат Сәдуақастың мәліметінше, 2020 жылы агенттік «AntikorNews» және «АntikorLive» атты екі медиа жобаны іске қосты.

«AntikorNews» жаңалықтары мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылады. 2020 жылы Орталық аппарат «AntikorNews»-тің екі тілде 40 шығарылымын, аумақтық департаменттер 650 шығарылымын әзірледі. 

«AntikorNews» жобасына Иордания Корольдігі қызығушылық танытып отыр – Антикор


 

Аз ғана уақыт аралығында бұл жоба нәтижелілігін көрсетіп, сұранысқа ие болды. Соның дәлелі ретінде  Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы хабарласып, «AntikorNews» жобасына қызығушылық танытты. Осылайша, олар жобаның тұжырымдамасын алу туралы өтініш жасады. Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы осы жобаны өздерінде іске қосу туралы мәселені қарап жатыр. Бұл - біздің жұмысымыздың көрсеткіші, - деп түсіндірді Антикор өкілі. 

Сондай-ақ «AntikorNews» жобасының аясында 60-қа жуық брифинг өткізіліп, 130-ға жуық жедел түсірілім және БАҚ-та 6,2 мыңнан астам материал жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы