Антидене қандай деңгейде болса да, екпе алу керек – Қаукенова

5 Мамыр 2021, 12:37
1601
Бөлісу:
Антидене қандай деңгейде болса да, екпе алу керек – Қаукенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы медицина дәрігері, ғылыми популяризатор Ботагөз Қаукенова «Experts Hub Kazakhstan» жобасының сарапшылары қатысқан COVID-19 індетіне қарсы вакциналау жөніндегі ең маңызды сұрақтарға жауаптар бойынша өткен дөңгелек үстелде айтты.

Екпе алған адамның індетті жұқтыру қаупі, әрине, бар. Бұл оның қандай өмір салтын ұстанатынына қатысты. Мысалы, ол сақтық шараларын қалай сақтайды. Бірде-бір вакцина 100 пайыз қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Алайда ол вирусты жұқтырған кезде ауыр өткізуге немесе жансақтау бөліміне түсіп қалмаудың алдын алады, - деді ол.

Қаукенова атағандай, халық барынша вакцина алмай, вирус қоғамда белсенді айналымда жүреді.

Коронавирус - өте жұқпалы ауру. Сондықтан вакцина алған дұрыс. Сол кезде вирусты жұқтырудың алдын алуыңыз әбден мүмкін. Антидене қандай деңгейде болса да, екпе алу керек. ДДСҰ мен ДСМ осы ұстанымды ұстанады. Аурудың қашан өткені маңызды. Ол 6 айды құрайды. Егер сіз 6 ай бұрын ауырып шықсаңыз, екпе алуыңыз керек, - деді ол.

Қаукенова қазақстандық вакцина туралы да айтып өтті.

Қазақстандық вакцина инактивтелген. Жалпы ондай вакциналар айналымда 150 жылдан астам бойы жүр. Вакцинаны биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты әзірлегенін ескерсек, вакцина жұмыс істейді. Алайда менің жеке пікірім бойынша, ғылым алға жылжығысы келсе, ғылыми әзірлемені әлемдік деңгейдегі басылымдарға шығару керек. Мен өз елімнің азаматы ретінде Қазақстан отандық вакцина әзірлегенін мақтан тұтамын, - деді Қаукенова.

Өзгелердің жаңалығы