Антарктида көгалдана бастады

23 Мамыр 2020, 09:44
2457
Бөлісу:
Антарктида көгалдана бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оған климаттың өзгеріп, күннің ысуы себеп, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ауа температурасы жыли бастаған соң түбекте микробалдырлар көбейген. 

Бұл көріністі тіпті ғарыштан байқауға болады. Антарктида ғасырлар бойы мұзды континент саналады.  

Дегенмен пайда болған балдырлар түбектің кейбір бөлігін жасыл түске бояды. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылысқа климаттың жылуы себеп. Күн ысығаннан соң, қар еріп микробалдырлардың көбеюіне қолайлы жағдай туындаған. 

Бүгінде түбектің жылы аймағындағы балдырлардың мұздықтарға қарай көбейіп жатқанын көруге болады. Температура жоғарылаған сайын балдырлар құрғақ жерлерге де тарауы мүмкін, - дейді Кембридж университетінің профессоры Эндрю Грэй.

Түбекте балдырлар алғаш рет 19-шы ғасырда пайда болған екен. Бірақ бүгінге дейін оның таралуы, көбеюі бақыланбаған. Енді Кембридж университетінің ғалымдары Sentinel-2 Еуропалық ғарыш агенттігінің деректеріне сүйеніп, микроскопиялық балдырлардың таралуын көрсететін жаңа карта шығарды. Ғарыштан түсірілген суреттерде шамамен 1700 аймақ жап-жасыл түспен боялған болып шықты. 

Енді біздің қолымызда негізгі мағлұмат бар. Алдағы 10-20 жылда балдырлардың көбеюін бақылайтын боламыз. Негізінде микробалдырлар жылына бес жүз мың тонна көмірқышқыл газын тұтынады. Бұл шамамен Ұлыбритания көшелерінде көлікпен 875 мың мәрте жүріп өткенмен пара-пар, - дейді Кэмбридж университетінің профессоры Мэтт Дэйви.

Биыл Антарктидада ең жылы күн ақпан айында тіркелді. Ол кезде температура 18 градус Цельсиға бірақ жеткен. Ғалымдар бұл дабыл қағатын мәселе екенін айтады. Өйткені  күн ысып кетсе, Антарктиданың бірегей табиғаты құрып кетуі мүмкін.

Қар арасындағы балдырлар лай-батпақ жерде өседі. Оның көбеюі үшін сулы-нулы жер керек. Бірақ та, күн қатты ысып, қар ери бастаса оның өсуі тоқтайды. Біз бір жыл ішінде толықтай экожүйенің көзін жойып жіберуіміз мүмкін, - дейді Кэмбридж университетінің профессоры  Мэтт Дэйви.

Зерттеушілер материктегі қарлы балдырлар көбейе береді деген пікір айтады. Антарктида көгалдана береді. Одан бөлек, алдағы уақытта мамандар түбектегі қызыл және сәбіз сары балдырларды да зерттеп көрмек.


Өзгелердің жаңалығы