Қандастар арасында халықаралық олимпиада өтеді

2 Маусым 2020, 09:00
2667
Бөлісу:
Қандастар арасында халықаралық олимпиада өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және "Отандастар қоры" ұйымдастыруымен шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған "Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша халықаралық олимпиадасын жариялайды.

Коронавирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларын күшейтуге байланысты, сондай-ақ оқушылардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында олимпиада қашықтан өткізілетін болады.

Олимпиаданың мақсаты:

- Шетелде тұратын қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтау және оларға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету;

- Олардың қазақ тілі мен әдебиетіне, туған елінің тарихы мен өз мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру;

- Олардың Қазақстан Республикасында жоғары білім алуына мүмкіндіктер жасап, қолдау көрсету;

Олимпиадаға кім қатыса алады:

- Алыс және жақын шетелдердің білім беру ұйымдарының 8-11(12) сыныптарының қазақ диаспорасының оқушылары.

Олимпиаданың өту барысы:

- Өту уақыты: 2020 жылғы 22-26 маусым аралығы;

- www.daryn.kz сайтында қашықтан 2 тур бойынша:

- 1 тур – Эссе (берілген тақырып бойынша шығарма жазу);

- 2 тур – Шығармашылық ("Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" тақырыбына үй тапсырмасы музыка, театр, поэзия, кескіндеме және т. б. құралдарымен ерекше түрде).

- Сондай-ақ қатысушылардың екі тур бойынша жұмыстарын а. ж. 1-15 маусым аралығында мына эл.почта m.bidauletova@daryn.kz арқылы қабылдаймыз.

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау:

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен және "Дарын" РҒПО грамоталарымен марапатталады.

Олимпиада қатысушыларының сертификаттары және жеңімпаздар мен жүлдегерлерінің дипломдары қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.

Барлық ақпарат www.daryn.kz, www.oq.gov.kz сайттарында және әлеуметтік желілерге жарияланатын болады.
Өзгелердің жаңалығы