Бас жаңалықтар
Амстердамда тәжірибе ретінде концерт ұйымдастырылды
08 Наурыз 2021, 10:48 337

Амстердамда тәжірибе ретінде концерт ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландтағы Амстердам қаласында тәжірибе ретінде концерт ұйымдастырылды. Шаһардың ірі концерт залында өткен шараға 1 мың 300-ден астам адам қатысты, деп жазды Хабар24.

Жергілікті билік бұл арқылы індет жағдайында осындай мәдени шараларды ұйымдастыру қаншалықты қауіпсіз екенін зерттемек. Ол үшін шараға қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, әртүрлі міндеттер жүктеді. Мысалы, бір топ бетперде тағуы керек болса, енді бірі барынша айғайлауы тиіс. Концерт тәжірибе ретінде өткізілгеніне қарамастан оған қатысуға 100 мың адам өтініш берген. 

Біз концертті алдағы уақытта осындай шараларды өткізу мүмкіндігін зерттеу үшін ұйымдастырдық. Бірақ оның қорытындысы 100 пайыз дәл болады деп ойламаймыз. Дегенмен, зерттеу мәліметтері бізге көп адам қатысатын шараларды өткізуде көмек болады, - деді зерттеуші Андреас Восс.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...