Америкалық әйел жүкті екенін босануға екі сағат қалғанда білген

29 Мамыр 2020, 21:15
4450
Бөлісу:
Америкалық әйел жүкті екенін босануға екі сағат қалғанда білген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық әйел өзінің жүктілігі жайлы білгеннен кейін екі сағаттан соң босанған. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Американың Блумингтон қаласында тұратын, 23 жастағы балетмейстері Лиззи Куах 2019 жылдың 23 маусымында ана атанды. Ол өзінің басынан өткен қызық оқиғасымен бөліскенді жөн көрген. 
Ол ішкі құрылысында бұрауды сезінгенін айтады. Бұрын қыздың бүйректегі тастары алынып тасталған екен, соған байланысты аурудың барлығын сол бүйректің салдары деп ойлаған. Ол анасына оны ауруханаға жеткізуді сұраған.

Сол сәтте Куахта толғақ басталған. Алайда ол жүктілік туралы күдіктенбеген де. Қыз осы уақыт аралығында жүктілікке тән белгілері болмағанын баса айтады.

Америкалық қыз бала босану физикалық және психологиялық жағынан да қиын болғанын айтады. Ол баласы туралы да баласының жағдайы қандай екендігін де білмеген. Сонымен қатар, қызда босану барысында токсемия және преэклампсия анықталған.

Біреу менің ішімнен шығып келе жатқандай күй кештім, - деді Куах.

Өзгелердің жаңалығы