Қамалжан Надыров қалай емделіп жатқанын айтты

22 Сәуір 2020, 19:58
1563
Бөлісу:
Қамалжан Надыров қалай емделіп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  COVID-19 індетін жұқтырған Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қалай емделіп жатқандығы туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. 

Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта мен астаналық стационарлардың бірінде емделіп жатырмын. Тіпті осындай жаңалық резонанс тудырады деп күткен жоқпын. Қолдау сөздер жазылған хабарламаларды оқыдым. Бұл маған күш береді, сіздерге үлкен рахмет!, - деп жазды ол. 

Басқарма басшысы бұл індетті қалай жұқтырғанын да айтты.
Қуанышқа орай ауру салыстырмалы түрде жеңіл өтуде. Біздің дәрігерлер өте үйлесімді және кәсіби жұмыс істеп жатыр. Осы орайда ақ халатты абзал жандардың шеберлігін байқауға болады. Бұл үшін оларға тағзым етемін. Олар қазіргі заманның каһармандары! Қызметіме байланысты өңірлерді аралап, әріптестеріммен кездестім, оған қоса ауруханаларға бардым. Жұқтырып алудың қаупін түсіне отырып, мен үнемі COVID-19 сынағынан өтіп отырдым. Барлық тест нәтижелері теріс болатын, кешегі сынақ оң нәтижені көрсетті, – Қамалжан Надыров.

Сонымен қатар, дәл бүгін мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ретінде жұмысқа кірісуге тиіс екендігін атап өтті.
Жазылып шыққан соң, маған тапсырылған жұмыстарды атқаруға сөз беремін, ал әзірше қашықтан жұмыс істейтін боламын, - деді басқарма басшысы.
 
Қамалжан Надыров қазақстандықтарға вирустың өте тез тарайтындығын айтып, барлық сақтық шараларын сақтауға, сонымен бірге, өзін-өзі оқшаулағандары абзал екендігін ескетті.
Өзгелердің жаңалығы