Алтын маска тағып жүрген кәсіпкер пневмониядан қайтыс болды

29 Қыркүйек 2020, 10:40
2597
Бөлісу:
Алтын маска тағып жүрген кәсіпкер пневмониядан қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Үндістанда алтыннан жасалған маскаға тапсырыс берген кәсіпкер көз жұмды. 

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясының тұрғыны Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болған.

Шілде айында шетелдік басылымдар алтын бұйымдарды тағуды ұнататын 49 жастағы кәсіпкердің коронавирустан қорғану үшін алтыннан жасалған маскаға тапсырыс бергенін жазған еді. Шеберлер оған 60 грамм тартатын алтын масканы 8 күнде жасап берген.

Бұл - өте жұқа маска, демалу үшін кішкентай тесіктері бар. Бұл мені қаншалықты қорғайтыны белгісіз, алайда мен басқа да шаралар қолданамын, - деген еді Курхаде.

Кәсіпкер мұндай масканы жасату үшін 4 мың АҚШ долларын төлеген.

Өзгелердің жаңалығы