«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

23 Қазан 2021, 19:00
7187
Бөлісу:
«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Алтын дән-2021» іс-шарасы аясында ұлттық ат спорты түрлерінен бәйге жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Ғанибек Қазантаев және Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Айтбай Көшербай қатысты.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

Аймақ басшысы қызылордалықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен және «Қала күні» мерекесімен құттықтап, ұлттық спортты дамытуды көздейтін мәдени-спорттық шаралардың мәні зор екенін тілге тиек етті.

Кез келген елдің ұлылығын мәдениеті мен салт-дәстүрі танытса, соның ішінде ұлттық спорт ойындарының орны ерекше. Әсіресе, айбарланып атқа қонып, елдің шебін қорғаған қазақ үшін жылқы ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айрылмас бөлігіне айналып кеткен. Қазақ ұғымында жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Қазақ даласының әр түкпірінде тұяғының дүбірі ерек сәйгүліктер көп болған. Әлімсақтағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Ақтамбердінің Керкиігі, берідегі Исатайдың Ақтабаны мен Аманкелдінің Шалқасқасы, Ақансерінің Құлагері ұлт тарихымен біте қайнасып кеткен тұлпарлар, - деді облыс әкімі.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

Сондай-ақ, аймақ басшысы кезінде облыстық, республикалық бәйгелерге облыстан қатысқан асыл тұқымды «Император», «Қарақыз», «Ызғар», «Гауһартас» секілді тұлпарлар аймақтың атын асқақтатқанын айрықша атап өтті.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

Ат бәйгесіне 50-ден астам шабандоз қатысты. Көрермендер бәйге алаңынан асыққан шабандоздарға рух берді.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

Аламан көркін қыздырған қатысушылар арасында тай бәйгені ақтөбелік Нұрасыл Айтжан иеленсе, құнан бәйгені алматылық Арнат Мұратхан алды.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

15 шақырымды енсерген тоқ бәйгеде жүлделі ІІІ орын қызылордалық Ерасыл Рахатқа бұйырса, ІІ орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Ансар Арыстанбек алды. Ал, І орынға қызылордалық Мейіржан Досжанов лайықты деп танылды. Жеңімпаздарға сертификаттарды Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Айтбай Көшербай табыстады.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

25 шақырымдық аламан бәйгенің ІІІ орыны ақтөбелік Дәуір Ильясқа бұйырды. ІІ орынды қызылордалық Сейтжаппар Дидар иеленді. Ал, аламанда қатарластырына шаң қаптырған алматылық Арнат Мұратхан І орынды алды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпазға 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

Айта кетейік, бүгінде ұлттық спорт облыста бұқаралық сипат алды. Өңірде 16 мыңнан аса спортшы ұлттық спорт түрімен шұғылданады. Жыл сайын облыста 8000-нан аса палуанның қатысуымен өтетін «Алтын белбеу» турнирі ең танымал әрі беделді бәсекенің біріне айналды.

«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды

Ұлттық спортты дамыту мақсатында 2018 жылы Қызылорда қаласында «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» ашылды. Мұның барлығы өңірде ұлттық спорттың өркендеуіне септігін тигізіп, үлкен мүмкіндік беруде.

Өзгелердің жаңалығы