Алматыда 2200-ден астам адам жұмыспен қамтылды

30 Қараша 2021, 16:05
646
Бөлісу:
Алматыда 2200-ден астам адам жұмыспен қамтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, азаматтарды жұмыспен қамтуға мемлекеттік бағдарламалар ықпал еткен.

Аудан әкімі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 83 адам жіберілгенін, әлеуметтік жұмыс орындарына 89 тұрғын, қоғамдық жұмыстарға 690 адам, жастар практикасы бойынша 116 түлек жұмыспен қамтылғанын, тұрақты жұмысқа 1 542 адам, бірінші жұмыс орнына 4 жұмыссыз орналасқанын, бұдан басқа 200 АЕК мөлшерінде 153 грант берілгенін хабарлады.

«Еңбек» бағдарламасы Наурызбай ауданының тұрғындары арасында танымал. Оның арқасында көптеген адамдар жаңа дағдыларға ие болады, жұмыс табады және өз ісін ашады. Мысалы, биыл 133 миллион теңгеден астам сомаға 9 жоба мақұлданды. Біздің міндетіміз – қала тұрғындарының кәсіпкерлік бастамасына көмектесу, - деді Санжар Тоғай.

Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша жалпы құны 426 млн теңге болатын 28 жоба мақұлданған. Тек «Almaty business – 2025» аясында кеңсе тауарларын өндіретін «Айнар-Кеңсе» кәсіпорнының жобасын іске асыру үшін 2%-дық мөлшерлемемен 70 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріліпті.

Өзгелердің жаңалығы