Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

19 Шілде 2021, 12:06
1883
Бөлісу:
Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылғы 18 шілде күні қалада вирус жұқтырған 798 адам тіркелді, оның 706-да симптомдық белгілер бар және 92-і симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Инфекциялық стационарларда жалпы саны 2 878 адам ем қабылдап жатыр, оның 209-ы бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 178 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратымен 29 науқас, инвазивті емес ӨЖЖ – 54, High flow-ның көмегімен 70 науқас демалуда,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 5 091 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 4692, симптомсыз 399 науқас бар.

Оған қоса өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 3 495 адам коронавирусқа вакцина салдырған. 

Жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 652 718 адам салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 93 376-ны құрайды,-делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы