«Казатомпром» қызметкері 2 млн теңгеден астам пара алғаны үшін ұсталды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы&nbsp;ұсталды.<br> </p>

 19 Шілде 2021, 11:51
19 Шілде 2021, 11:51
2188

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады, - делінген хабарламада.

Аталған лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша әрі қарай аудару үшін ақша қаражатын алған.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Тергеу жалғасуда.

Наверх