Бас жаңалықтар
Алматыда жастарды бопсалап жүрген қаскөйлер ұсталды
09 Сәуiр 2019, 14:25 622

Алматыда жастарды бопсалап жүрген қаскөйлер ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыс Алматы қаласының Түрксіб ауданында орын алған. 

Сейфуллин даңғылының бойында кетіп бара жатқан  екі досқа белгісіз екі адам жақындап келіп, сол маңдағы аулаға «сөйлесуге» алып барған.

«Жас жігіттер қаскөйлердің құрбанына айналамыз деп ойламаған. Олар бұл ер адамдар біреумен шатастырып алды деген ойда болған. Күдіктілердің жасы да, күш-қуаты да зардап шегушілерден басым болған. Олар қорқытып, ақша талап ете бастаған.  Жастар қаскөйлерге қарсы шықпай қолдарындағы барын берген: қолма-қол ақшамен 17 мың теңге және «Самсунг» маркалы ұялы телефон. Содан кейін оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған», - дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол-патрульдік полиция Полкінің командирі, полиция полковнигі Манап Саттаров.

 Ауданды тексеру кезінде жәбірленуші тарап сипаттап берген белгілерге ұқсас адам ұсталған.

«Жастар өздерін тонап кеткен адамды бірден таныды. Тексеру барысында ұсталған адамның қалтасынан ұялы телефон табылды. Бұрын автокөлік ұрлығы үшін сотталған, өз қылмысын мойындап отырған 32 жастағы күдікті – А. есімді азаматтың қолына бірден кісен салынды. Екі тарапта тонау фактісі бойынша тергеу және сот ісін жүргізу үшін Медеу аудандық ПБ-на жеткізілді», - дейді полковник Саттаров.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық