Алматыда түнгі мекемелерде жүрген 250-ден астам адам айыппұл арқалады

3 Сәуір 2021, 20:30
1591
Бөлісу:
Алматыда түнгі мекемелерде жүрген 250-ден астам адам айыппұл арқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин шараларын бұзғаны үшін бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 170 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Алматыда карантин шараларын бұзуды анықтау бойынша 40 мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Олардың құрамына аудан әкімдігінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Жыл басынан бері мониторингтік топтар 12,5 мыңға жуық нысанды тексерді, карантиндік шаралар бұзылған 1426 нысан анықталды. Заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 172 млн теңгеге 2438 хаттама толтырылды. 28 қасақана бұзушыға қатысты сот қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Жұқтыру оқиғаларының көбейгеніне, сонымен бірге мутацияланған британиялық және Оңтүстікафрикалық КВИ штаммдарының таралуына қарамастан, қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілері келушілер мен қызметкерлердің өмірлеріне қауіп төндіре отырып, эпидемиологтардың талаптарын бұзуды жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Мысалы Алматы Медеу ауданының мониторингтік тобы сәуірдің 2-нен 3-не қараған түні Назарбаев даңғылы, 226 мекенжайы бойынша Bakard түнгі мекемесіне (бұрын Kowloon деген атпен белгілі), Зенков көшесі, 13 мекенжайы бойынша Persona түнгі клубына (бұрын Cиний FunToMass деген атпен белгілі) және Қармысов көшесі, 84а мекенжайы бойынша «Тархун» кафесіне келушілерді шығарды. Мониторингтік топ келген кезде бірінші мекемеде шамамен 50 адам болған, екіншісінде – 40 адам.

Алмалы ауданында 2-нен 3-сәуірге қараған түні мониторингтік топ «Гоголь» түнгі мекемесінде 100-ден астам келушіні анықтады; «Лолита» мейрамханасында мониторингтік топ келген сәтте мекемеде 50 адам болған.

Бұл нысандар қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмыс істеген. Жұмыс режимін бұзумен қатар, адамдардың көп жиналуына тыйым салу, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тіркелді. Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзушылық және айыппұл салу туралы хаттамалар толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада күшейтілген шектеу шаралары қолданылуда. Көпшілік іс-шараларға, сондай-ақ бірқатар кәсіпкерлік субъектісінің, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салынған.

Тыйым салынғанына қарамастан, мейрамханаларға, клубтар мен дәмханаларға баруды тоқтатпаған алматылықтарды эпидемиологтар келушілер арасында коронавирустық инфекцияның тасымалдаушылары болуы мүмкін екенін ескертеді. Алматы әкімдігі қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің талаптарын - бетперде киюді, карантин режимінің жеңілдегеніне қарамастан, халықтың көп жиналуы және жұқтыру қаупі жоғары ойын-сауық мекемелеріне барудан бас тартуды ұсынады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы