Бас жаңалықтар
Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
08 Қазан 2021, 17:55 32131

Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте қыркүйектен бері қанша оқушы вирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматыда 282 білім беру ордасында 303 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Жаңа оқу жылында мектептер қатаң карантин шараларын ұстанумен оқушыларды қабылдап жатыр. дегенмен, оқушылар арасында коронавирусты жұқтыру жағдайлары кездесіп отыр.

Сабақ басталмас бұрын оқушылар мектепте маска тағып, карантин шарасы қатаң болатыны ата-наларға ескертілді. Сондай-ақ әр сыныпқа жеке бөлме тағайындалды. Оның үстіне бастауыш сыныптар бөлек есіктен кіретіндей етіп жасадық. Оқушылардың барлығы бұл шектеулерге бейімделіп, үйреніп қалды. Дегенмен, сабақ басталғалы 615 баланың вирус жұқтырғаны анықталды, олардың 314 жазылып, сабаққа қайта оралды. 311 оқушы онлайн форматта оқып жатыр,-деді ол.

Сондай-ақ Жұманов оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі алдыңғы орында екенін, сондықтан мектептегі шектеу шаралары сақталатынын жеткізді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...