Алматыда құрғақ шөп жанып жатыр

25 Тамыз 2020, 15:24
2154
Бөлісу:
Алматыда құрғақ шөп жанып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Шығыс айналма жолы маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлады zakon.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Медеу ауданына қарасты Төле би және Шығыс айналма жолы жанында шыққан.

Өрт орнында ТЖД -нің жеке құрамы жұмыс атқаруда. Қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр.                                                                             

Өзгелердің жаңалығы