Алматыда MTK Golden Contract турнирі өтеді

21 Қыркүйек 2020, 21:39
1248
Бөлісу:
Алматыда MTK Golden Contract турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қыркүйекте Алматыда MTK Fight Night бокс кешінің алдында MTK Global Golden Contract турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сайысқа қатысушылар жеңімпазды 59 және 69 келіге дейінгі салмақтарда плэй-офф жүйесі бойынша анықтайды. 

Турнир жеңімпаздары қаржылай сыйақы алып, MTK Kazakhstan компаниясымен келісімшартқа отырады. Бұл компания кейін боксшыларға танымал ұйымдардың чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуға көмектеседі. 

MTK Global Golden Contract турнирі Алматы уақытымен 15:00-де басталады. 

Өзгелердің жаңалығы