Алматыда лак-бояу өнімдерінің қоймасы өртеніп жатыр

18 Шілде 2019, 09:39
2122
Бөлісу:
Алматыда лак-бояу өнімдерінің қоймасы өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең сағат 7:45 шамасында Алматыда лак-бояу өнімдері сақталатын қоймадан өрт шықты, деп хабарлады BNews.kz.

«2019 жылғы 18 шілдеде 07:45 ТЖД-ның "101" пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі 12в/1 мекенжайында орналасқан қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келді», - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы қаласы ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлағандай, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 43 қызметкері және 51-ге жуық техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түспеген.

 

 

Өзгелердің жаңалығы