Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, үш адам құтқарылды

19 Наурыз 2021, 18:32
1034
Бөлісу:
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, үш адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 17:04-те Алматы қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Алматы қаласы Медау ауданында жеті қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Пәтерде жиһаз және үй заттары жанған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оқиға орнына тез арада Алматы қаласы ТЖД 22 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жетті. Өрт бесінші қабаттағы пәтерде орын алды. Өрт сөндірушілер өрт автосатысының көмегімен 3 адамды құтқарды. Баспалдақ маршымен тұрғындар эвакуацияланды, - делінген хабарламада.

Өрт сағат 17.32-де сөндірілді. Өрт көлемі 30 шаршы метрді құрады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.



Өзгелердің жаңалығы