Бас жаңалықтар
Алматыда қар жауды
06 Қазан 2021, 09:53 6491

Алматыда қар жауды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында 6 қазанда түнгі сағат 02:10-нан бастап қар аралас жаңбыр жауа бастады. Бұл үзіліспен 7 қазанға дейін жалғасады деп болжануда.

Таңертеңгі сағат 6-да таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 см қар жауды, қалада топырақтың жылы болуынан қар еруде.

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы көктайғақтың алдын алу мақсатында таулы және тау бөктеріндегі жерде орналасқан жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілетінін мәлімдеді. Оған қоса биік тау жолдарында (Шымбұлақ) қар тазаланады.

285 арнайы техниканың, оның ішінде 97 құм шашқыш және 164 жол жұмысшысының түнгі кезекшілігі ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...