Бас жаңалықтар
Алматыда қаңғыбас жануарлар неге көбейіп кетті
03 Қыркүйек 2021, 13:27 791

Алматыда қаңғыбас жануарлар неге көбейіп кетті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Kare-Забота» ҚҚ президенті Юлия Коваленко брифинг барысында қалада қаңғыбас жауарлардың неліктен көбейіп кеткенін түсіндірді.


Оның айтуынша, қалада қаңғып жүрген жануарлардың 85%-ы бұрынғы үй жануарлары. Көбі адасып, жоғалып кеткендер. Оған қоса қалада ит пен мысық ұстайтын адамдар саны аз, ал олар өздігінен шектен тыс көбейіп жатыр.


Бір ит жылына 20-ға жуық күшікті, ал бір мысық 15-ке жуық марғауды өмірге әкеледі. Дегенмен бұл жануарларды асырап алғысы келетіндер саны өте төмен болып отыр. Сондықтан жылына мыңдаған күшік пен марғаулар далада қалып жатыр. Күнделікті тәжірибемізде ешкімге керек емес, далаға тастап кеткен күшік немесе мысық салынған қораптар мен сөмкелерді кездестіреміз. Ондай жағдайды қаланың әр түкіпірінен көруге болады. Мұндай жағдайдың орын алуына үй жануарларының көбейуін ешкім реттеп, бақылап жатқан жоқ. Оған қоса бізде үй жануарларын стерелизациядан өткізу деңгейі өте төмен,-дейді ол.


Оның айтуынша, тұрғындар ит немесе мысығы балалаған соң оны көшеге тастап кетеді, оның ары қарайғы өміріне жауапкершілік алмайды. Ондайды болдырмас үшін тұрғындар үй жануарларын стерилизациядан өткізіп отыру керек, бірақ оған көпшілік ақшасын қимайды екен. Енді алматыда қабылданған жаңа бағдарлама аясында қаладағы 45 мыңға жуық үй жануары тегін стерилизациядан өтеді.

 
2017 жылға дейін қалада қаңғыбас жануарларды реттеудің жалғыз тәсілі оларды ұстап әкету болды. Дегенмен бұл әдіс тиімсіз әрі гуманды емес. Қазір қалада қанша қаңғыбас жануар бар екені белгісіз. Көптеген елдер қаңғыбас жануарлар санын реттеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізді, бізде соған келе жатырмыз. Қазір қалада қаңғыбас жануарлар санын реттейтін бағдарлама іске асқалы жатыр. Мұндай шаруаны мемлекеттің қолдауынсыз іске асыру мүмкін емес,-дейді Коваленко.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...