Алматыда эпидахуал күрделі - Бекшин

29 Шілде 2021, 16:02
3226
Бөлісу:
Алматыда эпидахуал күрделі - Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, бүгінде вакцинаның І компоненті мегаполис халқының ресми санынан 35%-дан сәл артық. Ал екіншісін халықтың 24% алғанын хабарлады. Ересек тұрғындар арасында вакцина алғандар кем дегенде 60%-ға жетуі тиіс. Сондай-ақ күн сайын вакцинаның бірінші компонентін 7,7 мыңнан астам адам алатын көрінеді.

Бұл эпидемияның қазіргі толқынын тұрақтандыру үшін жеткіліксіз. Қалада «дельта» коронавирус нұсқасының таралу қарқыны жоғары, – деді бас дәрігер.

Сонымен қатар балалар мен жастардың әлі де қауіп аймағында тұр. Соңғы екі аптадағы жас құрамын талдау нәтижесі бойынша, 1 жасқа дейінгі балалардың ауруды жұқтыру жалғасуда. Барлық КВИ науқастарының 2,8%-ын құрайды. Бұл өткен аптада 136, осы жолы 190 бала тіркелген.

14 жасқа дейінгі балалар арасында 965 жағдай және 40 пен 59 жастағы азаматтар арасында 1 824 жағдай тіркелген. 60 жастан асқандар – 1 487 адам.

Вирус жұқтырғандардың арасында иммунитеті мықты жастар қауымы басым. Сондықтан коронавирустың төртінші толқыны бұрынғыға қарағанда қауіпті. 20 мен 40 жас аралығындағы алматылықтар арасында коронавирус 38%-ды, 40 пен 59 жас аралығындағы азаматтар арасында – 25%-ды және 60 жастан асқан адамдар арасында – 20%-ды құрайды, – деді Ж. Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер Алматыда коронавирус бойынша жағдай күрделі екендігін алға тартты. Инфекциялық стационарларға жоғары жүктемемен жұмыс істеуге тура келіп тұр. Оңтүстік астананың тұрғындары вакцинаны кейінге қалдырмаулары тиіс. Эпидемиологтардың айтуынша, «дельта» штамы өте жұқпалы әрі қауіпті.

Өзгелердің жаңалығы