Бас жаңалықтар
Алматыда екі жасар бала коронавирустан жазылып шықты
01 Сәуiр 2020, 13:30 1115

Алматыда екі жасар бала коронавирустан жазылып шықты

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы екі адам жазылып шықты, оның бірі екі жасар бала. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді. 

Қазіргі таңда Алматыдағы жұқпалы емханадан COVID-19 анықталған үш науқас жазылып шақты. Бұл бір бала мен екі ересек адам. Бұл қалалық жұқпалы ауруханада ем қабылдағандар. Оның бірі 31 наурыз күні кешке шығарылды,-делінген хабараламада.

Жазылып шыққан науқастар 14 күндік үй карантинінде болады. Бұл екі науқас 13 наурыз күні Берлин-Минск – Алматы чартерлік рейсімен келгендер. 
Олар келісімен шектеу қойылып, жаңа алгоритм мен Қаулы іске асырылған. Борттағы экипажды қосқанда барлық 12 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды. Зертханалық сараптама үшін талдау алынды. Нәтижесінде жеті адамның диагнозы расталды,-делінген хабарламада.
Ал, үшінші науқас бұрын ауырған адамнан жұқтырған. Алматы бойынша барлығы 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...