Алматыда 1-сынып оқушылары мектепке жеке есіктен кіреді

12 Тамыз 2021, 12:14
6420
Бөлісу:
Алматыда 1-сынып оқушылары мектепке жеке есіктен кіреді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1-сыныпқа бір кабинет бекітіледі. Мектепке кіру кезінде бастауыш, орта және жоғарғы буын балалары үшін жеке кіру есіктері қамтамасыз етіледі. 

Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматыда биылғы жаңа оқу жылында 287 білім беру ұйымы жұмысқа кіріседі. Оның 207-сі мемлекеттік, 80-і жеке меншік мектеп. Оқушылар контингенті шамамен 300 мыңды құрайды. Қазіргі таңда бірінші сыныпқа 30 мыңға жуық бала қабылданған. 

Қазір мектептерде дәстүрлі білім беруге белсенді дайындық жұмысы жүріп жатыр. барлық білім беру ұйымы Ashyq жобасының қастыушысы. Оқушы ауырған жағдайда сол сыныптың оқушылары қашықтан оқытуға жіберіледі. Науқас немесе науқаспен байланыста болған ата-аналардың баласы қашықтан білім алады. Оған қоса білім беру ұйымдарына бөгде адамдарға кіруге және уақытша бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, - деді Жылқыбаева. 

Қаладағы білім беру ұйымдарында 36 845 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 32 126 қызметкер вакцина алған, қалғандары медициналық қарсылыққа байланысты вакцина алмаған.

Өзгелердің жаңалығы