Алматыда бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың соты басталды

26 Желтоқсан 2019, 17:20
3452
Бөлісу:
Алматыда бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың соты басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың ісіне қатысты сот процесі басталды. Ол сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ақша жымқыру ісі бойынша айыпталуда. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. 

Бұрынғы банкирмен қоса тағы 36 адам айыпталу залына әкелінген. Жәбірленушілер үш адам.

Бұл істі Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий қарауда. Іс құжаттары 700 томнан және 46 эпизодтан тұрады.

Судья айыпталушылардың тізімін оқығанда Жомарт Ертаевқа тұрғылықты жерін анықтауды ескертті. Әйтпесе іс құжатына "үй-күйі жоқ, кезбе" адам ретінде белгілейтінін айтты.

Сондай-ақ, сот басталмас бұрын прокурор іс қағаздарында коммерциялық құпиялылық бар екенін алға тартып, сотты жабық өткізуді сұрады. Оны қорғаушы мен айыпталушылар да қолдады, алайда судья сотты жабық өткізу процесін қолдамады.

Прокурордың айтуынша, айыптау актісі 280 беттен тұрады. Бұл тұста судья айыптау актісінің екі күн бойы оқылу мүмкін екендігін айтты.
Жомарт Ертаев Bank RBK-ға тиесілі 144 млрд теңгені қолды етті деп айыпталуда. Тергеушілердің мәліметінше, банкир қызмет бабын пайдалана отырып бұл соманы 2011-2017 жылдар аралығында ұрлаған.


Өзгелердің жаңалығы