Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

5 Қазан 2020, 16:52
2429
Бөлісу:
Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы модульдік жұқпалы аурухананың бас дәрігері Ержан Сералин БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Бұған дейін Алматыда 300 орынға арналған жаңа жұқпалы аурухана салынғаны туралы хабарлағанбыз. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Бүгін аталған нысанда болып, оның қызметімен таныстық.

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Бар-жоғы екі айда салынған аурухана қаладағы Балалар жұқпалы ауруханасының филиалы болып есептеледі. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

1980 жылы салынған қаладағы Балалар ауруханасы 360 орынға арналған. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Содан бері балалар жұқпалы ауруханасы салынбаған. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Биыл коронавирус пандемиясы болған соң қала билігі жаңасын салуға мәжбүр болған. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Дегенмен, бұл аурухана коронавирус инфекциясының екінші толқыны болған кезде ересек адамдарды да қабылдайды. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Жаңадан салынған аурухана 300 орынға арналған. 11 720 шаршы метр жерде орналасқан. Барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Әр төсек басына кислород тартылды. Жансақтау бөлімінде 30 төсек орын мен керекті медициналық жабдықтың бәрі бар. Аурухана 12 блоктан, 8 палаталы бөлімнен тұрады. Оның 2 блогы боксты палаталар және 6 жартылай боксты блоктар. Сонымен қатар, тамақ блогы мен кір жуатын орын да бар, - дейді аурухананың бас дәрігері.
Сонымен қатар, ауруханада 8 клиникалық бөлімше, компьютерлік томография, 3 рентген аппараты, 3 УЗИ аппараты, 30 өкпені қолдан желдету аппараты,  тәулігіне 5 мың ПТР талдауын жасайтын өз зертханасы және клиникалық-диагностикалық зертханасы бар. 

Оның үстіне бағдарлама қаланың медициналық ақпараттық жүйесімен және PACS-дағы барлық рентгендік, КТ және МРТ суретіндегі мәліметтердің цифрлық базасымен біріктірілген.

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Ауруханада 322 адам жұмыс істейді. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Оның 70-сі дәрігер, қалғандары медбикелер мен басқа да қызметкерлер. Қазір кадрлар жасақталып, барлығы тағылымдамадан өтіп жатыр екен. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Сералиннің сөзінше, қалада қазір балалар арасында жұқпалы аурулар қайта тарай бастаған.

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Карантин кезінде балалар арасында жұқпалы аурулар аз болды. Өйткені балалар мектепке, балабақшаға бармады. Карантин шаралары жеңілдетілген соң балалар далаға шығып, қонаққа барып, аулада бір-бірімен ойнау себепті тұмау, бронхит, энтеровирус сияқты жылдағы аурулары белең ала бастады. Алдағы уақытта Балалар жұқпалы ауруханасында орын болмай қалуы мүмкін деген алаңдаушылықпен осы аурухана салынды, - дейді ол. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Қазір құрылысшылар жаңа салынған нысанды дәрігерлерге тапсырып жатыр. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Аурухана бір аптадан соң толығымен іске қосылады.

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Бас дәрігердің айтуынша, аурухана 50 жылға есептеліп салынған. 

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

Қазір аурухана айналасын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматыда жаңадан салынған жұқпалы аурухана барлық талапқа сай

 Сондай-ақ, газбен жылынатын аурухананың өзінің жеке жылыту орталығы да бар.

Өзгелердің жаңалығы