Алматыда 800 мың адамның жұмысы қайта жанданды

8 Маусым 2020, 16:53
1940
Бөлісу:
Алматыда 800 мың адамның жұмысы қайта жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 800 мың адамның жұмысы қалпына келітірілді. 

Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Карантинге дейін Алматы қаласы бойынша 940 мыңға жуық адам жұмыс істейтін еді. Оның ішінде 600 мыңға жуық адам шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған. Карантин кезінде жұмыс орындары қысқарды. Ал 240 мыңға жуық адам өз жұмыстарын карантин кезінде де тоқтатқан жоқ. Ал бүгінгі күнге дейін көп салалар ашылып жатыр. Адамдар жұмыстарына қайта кірісті. Сауда орталықтары мен базарлар аудикция өткен соң, қайта ашылды.Бүгінгі таңда қалада 800 мыңға жуық адам карантиннен кейінгі жұмысқа шықты, - деді Оразалин.

Сондай-ақ, ол сауда орталықтарымен жалға беру ақысын тоқтату туралы келісімдер жүзеге асырылғанын айтты.

Карантин кезінде Алматы әкімшілігі республика бойынша қабылданған шешімдер бойынша іс-шараларды атқарды. Сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдардың саны көп болғандықтан, сауда орталықтарымен келісім орнатып, жалға беру ақысын тоқтату жұмыстарын атқардық. Кейбір жағдай бойынша туындаған мәселелерді дер кезінде сауда орталықтарымен келісе отырып, жүзеге асырдық, - деді Еркебұлан Оразалин.
Өзгелердің жаңалығы