Алматыда 2020 жылы он жаңа мектеп салынған

16 Сәуір 2021, 14:35
1966
Бөлісу:
Алматыда 2020 жылы он жаңа мектеп салынған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысымен таныстыру кезінде айтты.

Оның айтуынша, жаңа орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын іске қосу бойынша бекітілген бағдарламалар мен тапсырмалар шеңберінде 2020 жылы 18 нысанның құрылысы аяқталған.

Оның 10-ы жаңа құрылыс, онда 3 817 оқушы және 240 мектепке дейінгі орын құрылды. 8 нысан бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта құру және сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан басқа, тапшылықты азайту мақсатында осы жылы 41 білім беру объектісінің құрылысы жүргізілуде, бұл биылдың өзінде 20 мыңнан астам жаңа оқушы және мектепке дейінгі орындарды құруға мүмкіндік береді,-деді басқарма басшысы.

Қазір жүргізіліп жатқан құрылыс ішінде 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп және 8 263 оқушыға арналған 17 қосымша құрылыс, 2 жаңа балабақша құрылысы және 14 нысанды кеңейтумен реконструкциялау объектілері бар. Бұл нысандарға қаржыландыру бөлінген.

Әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы шеңберінде, бекітілген "Жаңа Алматы" кешенді жоспарына сәйкес биыл Алатау және Наурызбай аудандарында инновациялық шығармашылықтың 2 орталығын (оқушылар үйі) салу көзделген. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленуде,-деді ол.
Өзгелердің жаңалығы