Бас жаңалықтар
Алматы «СТО-сында» өрт салдарынан 9 көлік жанып кетті
PHOTO VIDEO
27 Қазан 2020, 15:34 117

Алматы «СТО-сында» өрт салдарынан 9 көлік жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт сөндipушiлер техникалық қызмет көрсету орталығында болған өрттi бір cағатқа жеткiзбей сөндipiп үлгердi, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.


27 қазанда сағат 12.56-да ТЖ департаментiнiң күштерi мен құралдары Әуезов ауданы Ақсай-1А ықшам ауданында шыққан өртке шақыртудың жоғары деңгейiмен жiберiлдi. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 



Өрт сөндipyшiлер келген кезде жеке тұрған ангар типтi автомашиналарды жөндеу және май ауыстыру ТҚС жанып жатқаны анықтылды. Жалын жалпы ауданы 1 мың шаршы метр жапсарлас ғимаратқа таралып үлгерген екен. Өрт сөндірушілер тез арада өрт оқпандарын беріп, гидранттарға автоцистерналар орнатты. Алайда темір қаңқалы аңгардан шыққан ыстық жалын өрттi cөндipуге кедергi келтipдi. Оқиға орнынан 25 литрлік 2 газ баллоны эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - делінген таратылған ақпаратта.

Ангардың iшiнде жанғыш сұйықтық құйылған ыдыс бар екендiгi туралы ақпарат берiлдi. Ізінше сағат 13.21-де оқиға орнында жарылыс болды. Ғимарттағы тоқ өшірілді. Температураның күрт ысуы мен қатты түтінге қарамастан газ-түтіннен қорғау қызметі өз жұмыстарын жедел атқарды.


Қабылданған шаралардың арқасында өрт 55 минут ішінде сағат 13.58-де толық сөндірілді. Оқиға орнында ТЖД, Апаттар медцинасы орталығы мен ПД 65 адам, 13 бipлiк техника жұмыс істеді. Ангарда 9 автомашина болған. Олардың барлығы жанып кетті. Жалын салдарынан ангардың сыртында тұрған 3 автомашина да зардап шекті. Өрт көлемі мен себептері анықталуда.




Фото: дереккөз
Загрузка...