Әлия Рақышева президенттің кеңесшісі болды

23 Қазан 2019, 16:18
4822
Бөлісу:
Әлия Рақышева президенттің кеңесшісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Ол мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 

Әлия Ғалымжанқызы Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы;

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы;

2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі;

2007-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы;

2013-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;

2018 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 

Орыс, ағылшын (сөздік бойынша) тілдерін меңгерген.

"Ерен еңбегі үшін" (2008 ж.) медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын.

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев 1981 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген.  

Білімі: "Тұран" университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.   

Еңбек жолы: 2002-2005 жж. – ҚР Қаржы министрлігі қызметкері;

2005-2012 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің құрылымында аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары;

2012-2013 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2013-2019 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісі;

2019 жылдың 23 шілдесінен – ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы