Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

20 Мамыр 2021, 14:45
1585
Бөлісу:
Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алимент қарызын төлемегені үшін Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын алды.

Әкелердің бірінің есебінде шамамен 2 млн қарызы болса, екеуінде 3 млн теңгедей қарыз бар.

Ұзақ жылдар бойы борышкерлер балаларды асырауға қаражат төлемей жалтарып, жұмыс істемеген және жұмыспен қамту орталығында тіркелгісі келмеген. Табысын сот орындаушыдан жасырып, жалақысын конвертте алған. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мәліметі бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 24 борышкер қылмыстық, 1016 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы