Бас жаңалықтар
Әлеуметтік ұтқырлық рейтингінде Қазақстан Ресей мен Қытайдан озды
18 Қаңтар 2021, 10:32 227

Әлеуметтік ұтқырлық рейтингінде Қазақстан Ресей мен Қытайдан озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік экономикалық форум-2020 шеңберінде әлеуметтік ұтқырлықтың бірінші жаһандық индексі (Global Social Mobility Index) ұсынылды. Бұл рейтингте Қазақстан Ресей мен Қытай сияқты елдерді басып озып, 38-орынды иеленді.

Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады. Әлеуметтік ұтқырлық дегеніміз – ел азаматтарының қазіргі ұрпағының бұрынғыға қарағанда жақсы өмір сүру қабілеті.

Әлеуметтік ұтқырлықтың жаһандық индексінің рейтингі он әлеуметтік-экономикалық параметрлер негізінде қалыптастырылады: Денсаулық сақтау сапасы, білім алуға қолжетімділік, білім берудің сапасы мен теңдігі, үздіксіз білім алуға арналған мүмкіндіктер, технологияларға қолжетімділік, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жалақы төлеудегі әділдік, жұмыс жағдайлары, әлеуметтік қорғау, қоғамдық институттардың тиімділігі мен ашықтығы.

Рейтингте 82 ел ұсынылды. Қазақстан 64,8 балл жинап, Ресейден (39-орын, 64,7 балл) 0,1 баллға және Қытайдан (45-орын, 61,5 балл) 3,3 баллға озып,
38-орынды иеленді.

Ең үздік нәтижеге (85,2 балл) Дания қол жеткізді, екінші орынға Финляндия (83,6 балл), одан кейін Норвегия (83,6 балл) және Швеция (83,5 балл) орналасты.

«Еңбек жағдайлары» көрсеткіші бойынша Қазақстан 69 баллмен 16-орынға ие болып, 20 үздік елдің қатарына енді. Осы өлшем бойынша біздің еліміз Сингапур, Австралия және Канада сияқты бірқатар дамыған елдерді артта қалдырды.

«Жалақының әділдігі» өлшемі бойынша Қазақстан Германия мен Ұлыбританияны басып озып, 25-орынды, ал «жұмысқа орналасу мүмкіндігі»  бойынша 30-орынды иеленді, бұл Швеция мен Канададан жоғары.

Қызметкерлерді ұжымдық шарттармен қамту коэффициентімен 75% деңгейінде Қазақстан 12-орынды иеленді. Мысалы, 13-жолды Корея, 21-орынды Швейцария, 23-орынды Германия иеленді.

Білім алуға қолжетімділік бойынша рейтингте Қазақстан Португалия (36-орын) мен Италиядан (37-орын) озып, 32-орында тұр. Білім беру саласындағы сапа мен теңдік бойынша біздің республика жоғарыда аталған елдерден кейін 33-орында.

«Үздіксіз білім беру» критерийі бойынша Қазақстанға рейтингтің 46-жолы (51 балл) берілді, бұл Украинадан (55-орын) және Молдовадан (59-орын) жоғары.

Экономикалық белсенді әйелдер саны бойынша Қазақстан айтарлықтай жоғары орынға ие болды – 22-орын.

Жоғары білімді адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан 33-орында, одан кейін Ирландия, Жаңа Зеландия және Дания тұр.

ДЭФ баяндамасында атап өтілгендей, егер елдер рейтингтен өзінің әлеуметтік ұтқырлық индексін 10 баллға арттырса, бұл 2030 жылға қарай ЖІӨ-нің қосымша 4,4% - ға өсуіне әкеледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...