Премьер-министр «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы туралы есеп берді

21 Тамыз 2019, 11:37
2853
Бөлісу:
Премьер-министр «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы туралы есеп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық»  әлеуметтік шаралары туралы баяндады. 

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Nur Otan партиясы тарихи тұрғыда қысқа уақыт ішінде еліміздің алдыңғы қатарлы саяси күшіне айналды. Nur Otan Қазақстан жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырушы партия. Сіз партия алдына кез келген уақыт сынағына сай жедел әрі сапалы жауап беру міндетін қойдыңыз. Осы орайда партия әрқашанда күрделі мәселелердің оңтайлы жолын тауып, тиімді шешімдер қабылдап келеді. Біздің ортақ мақсатымыз – халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруда елдің экономика әлеуетін нығайтуға, қоғамның тұрақтылығын сақтауға бағытталған партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру. Жауапкершілігі мол бұл міндеттерді партиямен тығыз қарым-қатынаста іске асырудамыз», - деді ҚР премьер-министрі.

Үкімет басшысы Nur Otan партиясының ХVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған міндеттер туралы айтты. 

«Сіздің тапсырмаңызбен 1 сәуірде атаулы әлеуметтік көмек төлемінің көлемі артты. 1 маусымда бала кезден мүгедектерді күтуге берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі артты. 1 шілдеден бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін көбейді. Ал жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға дейін артты. Сәуірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Соның ішінде аз қамтылған отбасыларды ТҮҚЖБ арқылы кредиттеу механизмі әзірленді. Механизм биыл шілдеде іске қосылды. Үш жыл ішінде 50 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Бүгінде бағдарламаға қатысуға 4 мың өтінім келіп түсіп, 1190-ы расталды. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды жалдамалы пәтермен қамтамасыз етуге 50 млрд теңге көзделген. Осы мақсатта жыл сайын 6 мың отбасы қамтылады», - деді Мамин Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Өзгелердің жаңалығы