Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

21 Тамыз 2019, 10:57
3972
Бөлісу:
Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды. 

Жиын «Назарбаев орталығы» ғимаратында өтіп жатыр. Іс-шара барысында партия жұмысына өзгерістер енгізілмек және осы енгізілетін жаңашылдықтар жан-жақты талқыланбақ. 

Атап өтсек, биыл 16 тамызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өткен болатын. Басқосуда партия бағдарламаларын жүзеге асыру барысы және алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары қаралды. Елбасы Nur Otan партиясының 20 жыл ішінде еліміздің қуатты саяси күшіне айналғанын атап өтті. Бұған қоса, жаһандық өзгерістерге байланысты партия алдында жаңа әрі күрделі міндеттер тұрғанын айтты. Назарбаев азаматтардың сұраныстарына да уақтылы жауап беру қажет деді. Сондай-ақ, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына сапалы дайындалудың маңыздылығын атап өтті. Елбасы барлық мүдделі азаматтарды мемлекеттің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін партияға қосылуға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өңірлеріндегі тұрғындардың проблемаларын шешу үшін Nur Otan партиясының жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, Nur Otan партиясының төрағасы қоғамның партияға деген сенімін арттыру үшін ақпараттық-идеологиялық стратегияны қабылдау маңыздылығына баса мән берді.

Өзгелердің жаңалығы