Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 317 млн-нан асты
13 Қаңтар, 17:22 325

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 317 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 317 700 427 адамға жетті. Бұл тіркелген дерек қана деп хабарлайды маңызды әлемдік оқиғалардың статистикалық деректерін жинақтайтын Worldometer. 

Жер шарында вирус тудырған пандемия басталғалы бері 5 531 439 адам індеттің құрбаны болған.

COVID-19 жұқтырған жағдай 20 млн-нан асқан елдердің көшін әлі де АҚШ, Үндістан мен Бразилия бастап тұр. 

Сондай-ақ АҚШ вирус жұқтырып, қайтыс болғандардың саны бойынша бірінші орыннан түспей келеді. Соңғы деректерге сәйкес, аталған мемлекетте  64 359 409 жайт анықталып,  866 891 адам көз жұмған.

Үндістанда да дерт тыйылмай тұр. Бұл елде COVID-19-ға 36 317 927 адам шалдықса, 485 035 адам вирустың салдарынан о дүниелік болған. 

Коронавирустың көп таралу дерегі бойынша 3-орында Бразилия тұр. Онда 22 718 606 адам ауырып, олардың 620 507-і келмеске кеткен.

Бүгінгі күнгі мәліметтерге сүйенсек, ғаламшардағы 1 млн халыққа шаққанда өлім-жітім коэффициенті 709,6-ны құраған. АҚШ-та 1 млн тұрғынға шаққанда 2 596 адам, Үндістанда - 346, Бразилияда - 2 887 адам қайтыс болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...