Альварестің не үшін Головкинмен жұдырықтасқысы келмейтіні белгілі болды

15 Маусым 2021, 23:47
1974
Бөлісу:
Альварестің не үшін Головкинмен жұдырықтасқысы келмейтіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SerEbro EnlosDeportes YouTube-арнасы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) не үшін қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жұдырықтасудан бас тартқанын айтты.

«Канело» Головкинге қарсы жұдырықтаспауға бірнеше себеп бар. Біріншіден, олардың айқасы аяқталды. Екіншіден, мексикалық жекпе-жек өткізудің мәні жоқ деп санайды.Ол екі жекпе-жек арасындағы болған кикілжің үшін Головкинді кешірмеді. Альверес өзін өтірікші, алаяқ, кленбутерол деп айтқанына өкпелі, – дейді канал авторы.

Өзгелердің жаңалығы