Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

7 Қазан 2021, 14:58
1980
Бөлісу:
Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда, 242 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасында 86 спортшы өзара бақ сынаса, ерлер арасында 156 спортшы жарыс жолына шығады.

Жарыс қашықтығы және стилі:

Еркін стиль 50м,100,200 м;

Баттерфляй 50 м,100 м ,200 м;

Шалқалап жүзу 50 м,100 м,200 м;

Брасс 50 м,100 м,200 м;

Кешенді жүзу 200 м ,400 м;  

Еркін стиль 800 м, 1500 м жүзу қашықтықтарында алдын ала және ақтық жүзу, Эстафеталық жүзу ақтық жарыстар арқылы өткізіледі.

Айта кетерлігі, жүзуден Қазақстан чемпионаты 8 қазанға дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы