Бас жаңалықтар
Ақтөбеде көпбалалы аналар әкіммен кездесті
23 Мамыр 2019, 15:11 241

Ақтөбеде көпбалалы аналар әкіммен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пәтер кезегінде тұрған көпбалалы аналармен кездесті. 

Баспана мәселесін айтқан қала басшысы саладағы мәселелерді барынша түсіндіріп, жан-жақты мағлұмат берді. 

«Ең бастысы, тұрғын үй кезегінде тұрған 24 мың баспанаға мұқтаж отбасының өтініші жыл аяғына дейін қаралатын болады. Оларды қолжетімді баспанамен қамтуға барлық мүмкіндіктер жасалатынына сендіргім келеді. Бұл бағытта қалада қыруар шаруалар қолға алынуда», - деген Ілия Испанов кезекте тұрғандардың арасында қай санаттағы отбасылардың тез арада пәтер ала алатынын түсіндірді

Айта кетейік, баспаналы болу үшін көрсетілген талаптарға сай үй кезегінде тұрғандардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 6 ай бойы жинаған қаржысы болуы шарт. Бағдарламаның санаттық деңгейі көп балалы аналар мен толық емес отбасыларға арналған.

Сізден жаңалық