Бас жаңалықтар
Ақтөбеде ер адам теміржол вокзалына бомба қойылғанын хабарлады
06 Сәуiр 2021, 17:21 413

Ақтөбеде ер адам теміржол вокзалына бомба қойылғанын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 03.24-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО «102» телефонына ұялы телефон нөмірінен қоңырау келіп түсті. Ер адам Мұғалжар ауданы Ақкемір кентіндегі теміржол вокзалына бомба қойылғанын хабарлаған.

Бірнеше минуттан кейін сол адам қайтадан хабарласып, Жилянка ауылындағы дүкендердің бірінде де бомба қойылғанын айтқан.

Қоңырау шалушы көрсеткен орындарға жедел қызмет түрлері жіберілді. Арнайы бөлімше саперлері нысандарды тексерді, бірақ жарылғыш заттар табылған жоқ, сонымен қатар Мұғалжар ауданы Ақкемір бекетінің ғимаратында да тексеру жүргізіліп, жарылғыш заттар табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған Мұғалжар ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтап, мас күйінде полиция бөліміне жеткізді. Заттай дәлел ретінде ұялы телефон тәркіленді. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде, - деп хабаралады Ақтөбе облысының ІІД.

ҚР ҚК 273-бабы («Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...