Ақтаудағы жарылыс: Жедел штаб құрылды

8 Қараша 2021, 09:06
1470
Бөлісу:
Ақтаудағы жарылыс: Жедел штаб құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы асханада болған жарылысқа қатысты Маңғыстау облысы әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров таратқан мәліметте айтылған.

Таратылған ақпаратта Ақтау қаласы әкімінің шешімімен қоқыс жинау үшін Мұнайлы ауданы Баянды кентінен 30 шақырым жерде қоқыс полигоны ұйымдастырылды.

«Көктем» МКК күшімен жарылыстан қираған қоқыстар шығарылуда. Полиция қызметкерлері белгіленген учаскені қоршауға алды.

7 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22-25-те Маңғыстау облысы ТЖД Жедел кезекшісіне Ақтау қаласының 29 ш/а мекен жайы бойынша 2-қабатты «Шерқала» кешенінің (ішінде арнайы киім дүкені, автобөлшектер дүкені, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету стансасы, қоймалары бар) 1-қабатында орналасқан асханада жарылыс болған.

Салдарынан кешен құрылымы ішінара бұзылған. Ғимараттың 200 шаршы метр аумағы құлаған, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда.

Қазіргі уақытта оқиға орнында үйінділерді талдау жұмыстары жүріп жатыр.

​Асхана иесінің айтуынша, жарылыс кезінде жұмысшы персонал болмаған. Жарылыс кезінде 10 көлік құралы (бейбіт тұрғындар) болды. Барлық автокөлік жарылыс толқыны салдарынан зардап шекті. Жол полициясы қызметкерлері арнайы техниканың (эвакуатор) көмегімен 10 автокөлікті эвакуациялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газ-ауа қоспасының ағуынан болуы мүмкін.



Өзгелердің жаңалығы