Ақтауда дәмханада жарылыс болды
PHOTO VIDEO
07 Қараша 2021, 23:11 293

Ақтауда дәмханада жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының айтуынша, жарылыс 7 қараша күні кешкі сағат 21:20 шамасында болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, 29А ықшамауданында екі қабатты «Аянат» дәмханасында белгісіз жағдайда жарылыс болып, оның салдарынан құрылым толығымен қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жарылыс себебі мен қирау аймағын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қарағанды облысында Абай шахтасында жарылыс болып 6 адам қаза болған. Сондай-ақ Ақмола облысында газ жарылып бір адам көз жұмған еді.


Фото: ашық дереккөз
Видео: ашық дереккөз
Загрузка...