Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу қаласында пәтерлердің бірінен әйел мен екі баласының мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 11:40-та қалалық ПБ кезекші бөліміне пышақ жарақатымен 5 және 7 жастағы балалардың және әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы аттанған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, куәгерлерді анықтау үшін тұрғындарды сұрастырып жатыр, – деп түсіндірді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде.
ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.