АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штамы анықталды

4 Желтоқсан 2021, 12:45
1419
Бөлісу:
АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың омикрон штаммын жұқтыру жағдайлары Американың 50 штатының кемінде 10 штатында тіркелді, деп хабарлайы ҚазАқпарат The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.


Басылымның жазуынша, омикрон штаммын жұқтыру жағдайларының көпшілігі Африканың оңтүстігінен келген пациенттерден анықталған. Алайда кемінде екі штаттан - Гавайи мен Миннесотада короавирустың жаңа штаммы АҚШ-тан шықпаған адамдардан табылған. АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу федералды орталықтарының сайтында жарияланған статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, елде соңғы бірнеше күнде коронавирус жұқтырушылар саны артқан. 

Бейсенбі күні АҚШ-та 138,4 мың ауру жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды. Дүйсенбі күні олардың саны 102 мың болған. АҚШ-та коронавирустың омикрон штаммын жұқтырудың алғшқы жағдайы сәрсенбі күні Калифорния штатында тіркелді. 

Жаңа штамм анықталған пациент АҚШ-қа 22 қараша күні ОАР-дан келген. Ол толықтай вакциналанған.



Өзгелердің жаңалығы