Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
Облыстағы картоптың бағасы туралы айтатын болсақ, бұл мәселені тек экспорт арқылы ғана шешуге болады. Себебі экономика ашық болуы керек. Қажетті көкөністің есебін Үкімет және облыстармен жүргізіп, өзімізге қажетін елге қалдыруымыз керек. Мәселе осында болып отыр. Әлемде көкөніс бағасы өсті. Күзден бастап баға шарықтап жүр. Сондықтан шаруашылықтар тауарын көп экспорттап жатыр. Олар да пайда тапқысы келеді, - деді ол.
Құмар Ақсақалов айтқандай, былтыр күзде картоп бағасы көтерме бағамен 95 теңгеге сатылған.
Бұған дейін Құмар Ақсақалов биыл қанша пәтер берілетінін айтты.Әр облыстың сақтандыру қоры бар. Біз де кем дегенде 800 тонна картопты сатып аламыз. Оны 26 дүкенге төмен бағаға сатамыз. Қыс бойы картоп бағасы 100-110 теңге болды. Алайда мамырдың ортасына қарай бізге оңтүстіктен жаңа картоп келеді. Оны 1 маусымға дейін сақтай аламыз. Қандай жаңа технология пайдалансақ та, ол таза табиғи өнім болған соң шіріп кетеді. Биыл мамырдың соңында картоп болған жоқ. Сондықтан 2-3 апта бағаның жоғары болуына себеп болды. Біз өзімізді картоп пен көкөніспен 100 пайыз қамтамасыз ете аламыз, - деді облыс әкімі.