Әкімшілік құқық бұзғандар 3,4 млн теңге айыппұл төледі

18 Мамыр 2021, 13:15
2436
Бөлісу:
Әкімшілік құқық бұзғандар 3,4 млн теңге айыппұл төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР МҚІА және оның аумақтық департаменттері рұқсат мерзімін, беру тәртібін бұзғаны, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама толтырды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың қарау қорытындысы бойынша, сондай-ақ қысқартылған тәртіпте 102 әкімшілік хаттама бойынша әкімшілік жауапкершілікке 174 лауазымды адам тартылды.

Жалпы, биыл айыппұл түрінде 3,4 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді.

Осылайша, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің Төрағасы мен орынбасары, Әділет министрлігінің департамент директоры, 8 орталық мемлекеттік органдар ведомстволары бөлімшелерінің басшылары, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің 3 облыстық басқармаларының басшылары, Жамбыл облысы Қордай, Мойынқұм ауданының әкімдері, 4 ауылдық округтің әкімдері, 23 жер қатынастары бөлімінің басшылары, 5 сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары, 2 аудан әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы